
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ-ы тауарлық газды тасымалдау бағасын Субъектіге жатпайтын газ тарату жүйелері арқылы негізсіз пайдаланғаны үшін, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 164-бабының 4 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ-ы Департаменттің қаулысын негізсіз деп, Шымкент қаласының апеллияциялық сотына шағымданған.
Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ тарапынан тауарлық газды тасымалдау бағасын Субъектіге жатпайтын газ тарату жүйелері арқылы негізсіз пайдаланғаны дәлелденіп, Департамент қаулысы өз күшінде қалды.