Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 16 қаңтарында «Шиелі Жарығы» ЖШС-ның электр энергияның алдағы уақытта шекті бағасының өзгеретіні туралы хабарламамен ұсынылған бағалардың жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.
«Шиелі Жарығы» ЖШС-ның тұтынушылар үшін электр энергиясымен жабдықтау қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 1 кВт/сағатқа 17,22 теңге құрады.
Жария тыңдауға Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Т.Жағыппаров, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар қатысты.
Өткізілген жария тыңдауда айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департаментпен түпкілікті шешімді 2020 жылдың 29 қаңтарында қабылдайды.