
Уәкілетті органның тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, 2020 жылғы 15 қаңтар күні табиғи монополия субъектілерімен көрсетілетін қызметтер саласындағы проблемалық мәселелер бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұтынушылармен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің, «Энергопоток» ЖШС-нің, «Қуатжылуорталық-3» МКК қызметтеріне қатысты және сумен жабдықтау қызмет бойынша есепке алу аспаптарын ауыстыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен бірге, газбен жабдықтау қызметі бойынша есептегіш құралдың бұзылуына байланысты жеке тұлғаға штраф салынғаны бойынша мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша арыз қабылданып, құзіретті орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасына қарауға жіберілетіні айтылды.
