
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 13 наурыздағы тексеріс актісі негізінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АӨФ АҚ-на ҚР «Табиғи монополиялар туралы» заң нормаларының сақталуына жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АӨФ АҚ-на қолданыстағы газ құбырына қызметтерді қосу, сондай-ақ тұтынушылардың газ қондырғыларына газды қосқаны үшін қосымша төлемдерді алуды тоқтату жөнінде заң бұзушылықты жою туралы 2019 жылғы 29 наурызда нұсқама шығарды.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 10-тармағының 3) тармақшасының жаңартылған нұсқасына сәйкес (2019 жылғы 14 қаңтардан бастап күшіне енді) Реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне: табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға тыйым салынады.
Заңның 24-бабының 18-тармағы реттеліп көрсетілетін қызметке қосу: тұтынушыны қолданыстағы желіге қосылуды жүргізу жұмыстарын қамтиды.
Осылайша, газ беру кезіндегі газды пайдаланатын қондырғылар газды тұтыну қондырғысының ажырамас бөлігі болып табылады, сәйкесінше жылыту қазандықтары мен тұтынушының пештеріне тауарлық газды қосу - тарату желілері арқылы тауарлық газды тасымалдау бойынша реттелетін қызметпен технологиялық байланысты жұмыс болып табылады.
Мұндай жағдайда акционерлік қоғамның газды жылыту қазандықтарына, тұтынушылардың газ плиталарына қосу және қайта қосу, сондай-ақ қолданыстағы газ құбырына қосу жұмыстары тауарлық газды тасымалдау бойынша реттелетін қызметті ұсыну аясында жүзеге асырылады.
Осылайша, қолданыстағы газ құбырын тарту және тұтынушыларға газ жабдығын іске қосу үшін ақы төлеу негізінде ақы алу табиғи монополиялар саласындағы заң бұзушылықты көрсетеді.
Осыған байланысты, тексеру нәтижесінде Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АӨФ АҚ-ға қолданыстағы газ құбырына кіргізу қызметі үшін қосымша ақы алуды тоқтату туралы, сондай-ақ тұтынушылардың газ жабдығына газ жіберуді тоқтатуды 25 күнтізбелік күн мерзімімен орындауға, яғни 2019 жылдың 22 сәуіріне дейін нұсқама шығарды.
Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АӨФ АҚ-ы Департаменттің бұл нұсқамасын заңда белгіленген мерзімде орындамай, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағыммен жүгінді.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2019 жылғы 17 маусымдағы № 2301-19-00-2 / 876 шешімімен Департаменттің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 33 нұсқамасы заңсыз деп танылды.
Бұл ретте, Департамент және Атырау облысының прокуратурасы бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеді. Осыған байланысты, Департамент апелляциялық шағым, ал Атырау облысының прокуратурасы апелляциялық -өтініш жолдады.
Атырау облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысына сәйкес, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2019 жылғы 17 маусымдағы шешімі жойылды және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ-ның өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды.
Департаменттің апелляциялық шағымы мен прокурордың өтініші қанағаттандырылды.
2019 жылғы 29 наурыздағы №33 Департаменттің нұсқамасын және сот алқасының шешімін орындау барысында «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның АӨФ қолданыстағы газ құбырына қызметтерді қосу, сондай-ақ тұтынушылардың газ қондырғыларына газды қосқаны үшін қосымша төлемдерді алуды тоқтатты.
Сонымен қатар, 2019 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР-ның Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Атырау облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы-өзгеріссіз қалдырылды.