Түркістанда «Olimp Center» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

Түркістанда «Olimp Center» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Olimp Center» ЖШС-ның бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы  құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифті және тарифтік сметаны оңайлатылған тәртіпте бекітуге ұсынған өтінімін қарау кезінде 2020 жылғы 14 қаңтарда жария тыңдау өткізді.

Тариф  жобасы туралы «Olimp Center» ЖШС-ның бас директоры баяндама жасады.

Тарифтің жобасы бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы  құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметі бойынша 51921,28 тенге  вагон/км.

Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, шешім 2020 жылғы 24 қантарда қабылданатын болады.