Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерімен көрсетілетін қызметтер саласындағы проблемалық мәселелер бойынша Текелі қ. тұтынушыларға қоғамдық қабылдауды өткізді.
Тұтынушыларды қабылдау 2020 жылдың 14 қаңтарында сағат 15:00-де Текелі қаласы, Қонаев к-сі №178, «Текелі энерго кешені» ЖШС мәжіліс залында өткізілді.
Қоғамдық қабылдауда Департамент бысшысы А. Сағымбеков, Текелі қ. әкімінің орынбасары С. Болысбайұлы, «Nur Otan» партиясының, Текелі қ. кәсіпкерлер палатасының, тұрғындар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрғындардың пәтерлерінде жылу, жылу энергия құралдары бойынша проблемалық мәселелер, сұрақтар көтерілді. Көтерілген сұрақтар бойынша алдағы аптада комиссиялық топпен айтылған пәтерлерге барып, айтылған мән-жайлар бойынша тексеруін шешіп қабылдады.