
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне 2020 жылғы 13 қаңтарында жеке кәсіпкер «Боев Х.Н.» субъектісінің бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне 2020 жылға тарифті және тарифтік сметаны бекітуге өтінім келіп түсті.
Өтінім жаңа бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес ұсынылған.