
2020 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Атырау жылу жүйелері» АҚ, «Атырау Жарык» АҚ, «Атырау Су Арнасы» КМК, «ҚазТрансГаз Аймак» АҚ АӨФ-ы табиғи монополия және «Атырау Энергосату» ЖШС қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өкілдерімен бірлесіп, тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға ЖАО, БАҚ және "Nur Оtan" партиясының Атырау облыстық филиалының өкілі қатысты.
Бұл ретте, тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау кезінде өз мәселелерімен келгендер болған жоқ, тиісінше ешқандай тұтынушылар өздерін қызықтыратын мәселе бойынша өтініш білдірген жоқ.