Комитет қызметкерлері ТМД-ның еңбек сіңірген энергетика маманымен кездесті

Комитет қызметкерлері ТМД-ның еңбек сіңірген энергетика маманымен кездесті

Бүгін жаппай оқу шеңберінде ТМД-ға еңбегі сіңген энергетик маманы, энергетика ардагері Есжан Мұхтарұлы Жұмабековтың ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлерімен «галстуксіз» кездесуі өтті.

         Комитетте осындай көрнекті адамдармен ерекше кездесу алғаш рет өтуде.

         Жұмабеков Есжан Мұхтарұлы энергетика саласында Екібастұз 1-МАЭС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚМГ-энерго» АҚ, Астана ЖЭО-1,2, Петропавл ЖЭО сияқты және т.б. кәсіпорындарда жұмыс істеді.

         Электр энергетикасы саласындағы осындай «мол» тәжірибені ескере отырып, Есжан Жұмабеков Комитет қызметкерлеріне Қазақстанның электр энергетикасы саласы туралы, сондай-ақ қазіргі жай-күйі мен перспективалары туралы айтып берді.

         Кездесу басында дәріскерді ведомство басшысы Асан Дарбаев ведомство қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеу уақытын тапқаны үшін және өзінің энергетикалық саладағы үлкен тәжірибесімен, білім «багажымен» бөліскені үшін Есжан Мұхтарұлына алғысын білдірді.

         «Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің шығындық құрамдас бөлігінің теориялық бөліміне ғана емес, техникалық бөлігіне де үңілу қажет. Бұл субъектінің қызметі қалыптасатын, экономика қалыптасатын маңызды бөлігі. Біздің қажеттіліктерімізді ескере отырып, бірқатар дәрістер жасауға, тақырыпты құруға мүмкіндік болады.», - кездесу басында атап өтті Асан Дарбаев.

         Өз кезегінде, Есжан Мұхтарұлы өз тәжірибесімен, білімдерімен бөліскеніне қуанышты екенін атап көрсетті, өйткені бұдан әрі тарифтік реттеуіштің қызметкерлері жұмыста пайдаланатын болады.

         ТМД-ның еңбек сіңірген энергетик маманы өзінің лекциясы барысында Қазақстанның жалпы энергия жүйесі туралы, КСРО дәуіріндегі даму тарихынан бастап, энергетикалық жүйенің пайда болуы және басқа да маңызды құрамдас бөліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

         Дәрісті қорытындылай келе, Есжан Мұхтарұлы ТМС тарифтік сметаларын қарастыру бойынша өз ұсыныстарын және ұсынымдарын айтты, сондай-ақ ведомство мамандарының сұрақтарын тыңдауға тілек білдірді.      

         Мәселелерді талқылағаннан кейін, Есжан Мұхтарұлы Комитет қызметкерлеріне алдағы уақытта өз жұмысында пайдалану үшін тыңдалатын дәрістердің тақырыптарын ойлауды ұсынды.

         Энергетика саласы сияқты күрделі салада ардагерлер, осы саланың еңбек сіңірген қайраткерлері өз тәжірибесімен бөлісе отырып, еліміздің энергетикалық құрауышын дамытуға үлес қосып келе жатқаны сөзсіз.