«Қамысты» ЖШС-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Қамысты» ЖШС-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Қамысты» ЖШС-ның қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 2-тармағы 26-бабы 3), 8) тармақшаларының, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 91-НҚ бұйрығымен бекітілген Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету қағидаларының 7 тармағының бұзылуы анықталды.

Осыған байланысты «Қамысты» ЖШС Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мемлекеттік бюджетке 353 500 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар, табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасынның бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгізілді.