«Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Арқалық жылуэнергетикалық компаниясы» МКК-ның қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 2 тармағы 26-бабы 8) тармақшаның, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарттың 14- тармағының бұзылуы анықталды.

Осыған байланысты, «Арқалық жылуэнергетикалық компаниясы» МКК Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мемлекеттік бюджетке 2 020 000 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар, осы табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгізілді.