«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне тарифтер және тарифтік сметалар бекітілді

«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне тарифтер және тарифтік сметалар бекітілді

2019 жылдың 9 желтоқсанында мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, облыстық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық Кеңестің, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар қатысуымен өткізілген жария тыңдауда айтылған ескертпелер мен пікірлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 9 қаңтарында «Қызылорда су жүйесі» МКК-на ұзақ мерзімді кезеңге 2020-2024 жылдарға тарифтер бекітті, олар 2020 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілетін болады, атап айтқанда 1 текше метрге ҚҚС-сыз:

- сумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін – 40,72 теңге немесе 3,6 пайызға төмендетілді;

- суды бұру қызметіне тұрғындар үшін – 43,59 теңге немесе 9 пайызға төмендетілді.

Бұдан басқа, сумен жабдықтау қызметіне бюджеттік мекемелер үшін – 94,36 теңге немесе қолданыстағы тарифке 42,3 пайызға өзгертіліп, басқа да тұтынушылар үшін – 134,42 теңге немесе 5 пайызға өзгертіліп; суды бұру қызметіне бюджеттік мекемелер үшін – 111,38 теңге немесе 13,3 пайызға төмендетіліп, басқа да тұтынушылар үшін – 121,19 теңге немесе 12,6 пайызға төмендетіліп бекітілді.