«Талғар су» МКМ-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

«Талғар су» МКМ-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Талғар су»  МКМ-ның  суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтері және тарифтік сметаларды бекіту  өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулары 2020 жылғы 8 және 9 қаңтарында өткізді.

Жария тыңдауларына қызмет тұтынушылар, жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты.

«Талғар су» МКМ-нің жетекші экономисті Рулева Е.И. тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.

Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Тұздыбастау, Бесағаш, с.Рыскулов, Дәулет, Еркін, Нұра, Өстемір, Туғанбай, Кіші-Бәйсерке, Жаңалық, Жалғамыс, Қызылту, с.Талдыбұлақ, Панфилов (СНК), Еламан, Береке, Қызыл Қайрат, Сақтан, Достық, Көктал ауылдары бойынша тарифтің жобасы - 146,11 теңге/м3 құрайды,  ҚҚС-сыз. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Талғар қаласы және Бесқайнар, Қотырбұлақ ауылдары бойынша  тарифтің жобасы - 64,05 теңге/м3 құрайды,  ҚҚС-сыз. Сарқынды суды бұру қызметіне Талғар қаласы және Дәулет, Панфилов (СНК), Бесағаш ауылдары бойынша  тарифтің жобасы- 56,33 теңге/м3 құрайды,  ҚҚС-сыз.

Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.