Консорциум операторы «UNION TRANS SERVICE LIMITED» ЖШС-не тарифі және тарифтік сметасы бекітілді

Консорциум операторы «UNION TRANS SERVICE LIMITED» ЖШС-не тарифі және тарифтік сметасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Консорциум операторы «UNION TRANS SERVICE LIMITED» ЖШС-ның  бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда келесі қызметтеріне тарифтері мен тарифтік сметаларын бекіту туралы өтінімін қарады:

- жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру (Қызмет-1);

- бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да  технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру (Қызмет-2).

Департамент өтінімді қарау қорытындысы бойынша ЖШС-ның:

-Қызмет-1 бойынша тариф мөлшері ҚҚС-сыз 13,74 теңге/вагон-км:

- Қызмет-2 бойынша тариф мөлшері ҚҚС-сыз 7,83 теңге/ваг-сағ болып бекітті.

Тариф 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.