«Шортандинская теплораспределительня компания» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

«Шортандинская теплораспределительня компания» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Шортандинская теплораспределительня компания» ЖШС-ның жылу энергияны өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау қызметтері бойынша тарифті және тарифтік сметасын бекіту туралы жария тыңдау өткізетіндігін хабарлайды.

Жария тыңдау 2020 жылғы 13 қаңтарда сағат 15.00-де, Ақмола обласы, Шортанды ауданы, Шортанды а., 50 лет Октября, № 91, Шортанды №  3 қазақ орта мектебі, әдістемелік кабинет мекенжайы бойынша өтеді. 

Осыған байланысты, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер жобаларын талқылау үшін депутаттарды, мемлекеттік органдарды, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақырамыз.

Анықтама телоефондары: Субъект -  Тел. 8(7162) 51-55-26, Департамент - (87162)50-43-63.