
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің «Текелі су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ның суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтеріне шекті тарифтер деңгейлерін және тарифтік сметаларының жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларды өткізеді.
Жария тыңдау 2020 жылдың 10 ақпанында сағат 11:00-де Текелі қаласы, Күншығыс көшесі, 132 үй, «Текелі су құбыры» МКК-ның ғимаратында өтеді.
Жария тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Байланыс телефоны: 8 (7282) 24-28-05.