
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 2020 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі №33 нұсқамасын «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларының талабтарына сәйкес, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуды мәжбүрлеп орындату жөніндегі жауапкер «КазТрансГаз Аймак» АҚ-на қойылған талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сотпен талапкер Департаменттің талабы қанағаттандырылды.