«Нұра топтық су құбыры» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімдер келіп түсті

«Нұра топтық су құбыры» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімдер келіп түсті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне «Нұра топтық су құбыры» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының суды магистралды құбырлар және таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру қызметтері бойынша тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге берілген өтінімдері келіп түсті.

         Өтінімдер оңайлатылған тәртіппен ұсынылып, субъектінің суды магистралды құбырлар және таратушы желілер арқылы беру қызметіне жобалық тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 707,12 теңге, суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне жобалық тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 511,58 теңге, ал сарқынды суды бұру қызметінің жобалық тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз 422,96 теңгені құрайды.