Қызылордалық тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

Қызылордалық тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

2020 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Nur-Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы  және табиғи монополия субъектілері өкілдерімен бірлесіп, тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сол жерде кешенді шешу мақсатында тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға Қызылорда қаласының тұрғындары, яғни Жадыра Утеулиева және Қалиев Сейдулла Әбиталипұлы қатысты.

Азаматша Ж.Утеулиева салқын судың тарифі туралы сұрағына Қызылорда қаласы бойынша сумен жабдықтаудың қолданыстағы тарифтері туралы толық мағлұмат алды, ал азамат С.Қалиев жылумен жабдықтаушы ұйым өкіліне жеке меншік үйін орталықтандырылған жылуға қосу туралы өтініш, тиісті түсіндірмесін алды.