«AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

«AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 17 қаңтарда сағат 15:00-де «AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-ның электроэнергиямен жабдықтау реттеліп көрсетілетін қызметіне баға жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетіндігі туралы хабарлайды.

Жария тыңдау өтетін мекенжай: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 1 ш/а 18/2 ғимарат «Достық» мәдениет үйі.

Анықтама үшін телефон: 8(7292) 42-16-20.