
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 8 қаңтарда тұтынушлар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау өткізу барысында газ, электр энергия және жалпы тұрғын үй мұқтаждықтары бойынша сұрақтар қойылды.
Осылайша, тұрғындардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай-ақ сұрақтарға бөлім мамандары толық жауап берді.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік мекемеге тұрғындармен өзара іс-қимыл үшін қолжетімді болуға, қоғаммен және әлеуметтік әріптестермен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Іс-шараға барлығы 6 адам қатысып, оның ішінде 2 тұрғынға кеңес берілді.