Алматы облысының Майский а. «Баткалова» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Алматы облысының Майский а. «Баткалова» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Баткалова» ЖК-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік сметаны бекіту өтінімін қарау бойынша жария тыңдау 2020 жылғы 5 қаңтарында өткізді.

Жария тыңдауға қызмет тұтынушылары қатысты.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Майский ауылының «Баткалова» ЖК-ның басшысы тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.

Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тарифтің жобасы 213 теңге/м3 құрайды, ҚҚС-сыз.

Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.