
2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 437-тармағын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қоғамдық мониторинг және (немесе) техникалық сараптама жүргізу үшін сарапшылардың және сараптама ұйымдарының тізімінің қалыптастыруын жариялайды.
Қағидаларға сәйкес сарапшы (сараптама жасау ұйымы) сараптама жүргізілетін қызметте арнайы білімі немесе тәжірибесі бар және техникалық сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға болу керек.
Осыған орай, Департаментке жоғарыда аталған тізімге қосылу үшін өтінім берерде, арнайы білімі және сараптама жүргізетін саласында тәжірибесі бар екендігін растау қажет.
Мына байланыс телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7122) 30-81-44.