«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Костанайский ЭнергоЦентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметінің шекті бағасын алдағы уақытта көтеру туралы келіп түскен хабарламасы бойынша жария тыңдау өткізеді.

Өтетін күні: 2020 жылдың 14 қаңтары.

Өтетін уақыты: сағат 15:00-де.

Өтетін орны: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 177 а, 4 қабат, акт залы.

Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7142) 54-28-76, 54-11-52.