Алматы облысында ШЖҚ «Панфилов Су құбыры» аудандық МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

Алматы облысында ШЖҚ «Панфилов Су құбыры» аудандық МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Панфилов Су құбыры» аудандық МКК-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне шекті тариф деңгейін және тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларды өткізеді.

2020 жылғы 6 ақпанында  сағат 11:00-де Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Иванова көшесі, 25 үй, «Панфилов Су құбыры» МКК-ның ғимаратында өткізіледі.

Жария тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Байланыс телефоны: 8 (7282) 24-28-05.