
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2019 жылғы 24 желтоқсанда талапкер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 27 тамыздағы №31 нұсқамасын, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында белгіленген, тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуды мәжбүрлеп орындату жөніндегі жауапкер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалына қойылған талабы бойынша азаматтық ісін қарады.
Сот талапкер Департаменттің талабын қанағаттандырды.