Ақмола облысында «Көкшетау отын базасы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Ақмола облысында «Көкшетау отын базасы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Көкшетау отын базасы» ЖШС-ның жылжымалы құрамы өту үшін кірме жолдарын беру қызметі бойынша тарифті және тарифтік сметасын бекіту туралы жариятыңдау өткізетіндігін хабарлайды.

Жария тыңдау 2020 жылғы 9 қаңтарда сағ. 15.00-де келесі мекенжайда өтеді: Ақмола обласы, Көкшетау қ. Солтүстік өнеркәсіп аймағы, 1 жол жүру, №9 (әкімшілік ғимарат). 

Осыған байланысты, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер жобаларын талқылау үшін депутаттарды, мемлекеттік органдарды, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақырамыз.

Байланыс телефондар: ЖШС- 8 (7162) 41-02-58, Департамент - (87162)50-43-63.