
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау Энергосату» ЖШС-ның электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметінің шекті бағасын алдағы уақытта көтеру туралы келіп түскен Хабарламасы бойынша жария тыңдау өткізеді.
Өткізу күні мен уақыты: 2020 жылдың 17 қаңтары сағат 11.00-де.
Өткізу орны: Атырау қаласы, Махамбет көш. 110 А, 5-қабат (конференц залы).
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7122) 55-80-03.