
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу ережесінің 3-тармағына сәйкес «Атырау Энергосату» ЖШС-ы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметінің шекті бағасын алдағы уақытта көтеру туралы хабарлама берді.
Бағаны көтерудің негізгі себептері: электр энергиясына шекті тарифтердің өсуі (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі №313 бұйрығына сәйкес), электр энергиясын тасымалдауға шекті тарифтің өсуі және «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша шығыстарды қосу болып табылады.