Қызылорда облысында «Шиелі Жарығы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қызылорда облысында «Шиелі Жарығы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Шиелі Жарығы» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметі бойынша бекітуге берілген бағалардың жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдау мына мекен-жайда өткізіледі:

- 2020 жылдың 16 қаңтарында сағат 11-00-де Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, 3 (Мәдениет үйі);

- 2020 жылдың 16 қаңтарында сағат 15-00-де Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Шонабаева көшесі, 8а («Шиелі Жарығы» ЖШС-нің Жаңақорған филиалының ғимараты);

- 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 10-00-де Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі, 8(Мәдениет үйі);

- 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 12-00-де Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Мырзалиев көшесі, 22 («Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» Жалағаш аудандық электр тораптарының ғимараты);

- 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 16-00-де Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Амангелді көшесі, 38 (Жыраулар үйі).

Жария тыңдауға қатысу үшін депутаттар, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұтынушылар шақырылады.

Байланыс телефон: 8 (7242) 27-79-74.