Алматы облысында «Талғар су» ШЖҚ МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдауларды өткізеді

Алматы облысында «Талғар су» ШЖҚ МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдауларды өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Талғар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-ның Талғар ауданындағы «Талғар су» ШЖҚ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Талғар қаласында, Жаналық,  Даулет,   Еламан, Жалғамыс, Сактан, Кіші Байсерке, Достық, Коктал, Еркін, Қызыл-ту, Панфилов, Бесқайнар, Қотырбұлақ, Бесағаш, Туздыбастау, Қызыл-Қайрат, Береке, Рыскулов кенттерінде суды таратушы желілер арқылы беру және  сарқынды суды бұру қызметінің тарифтері және тарифтік сметаларының талқылау бойынша жария тыңдауларды өткізеді.

2020 жылдың 8 қаңтарында

сағат 09:30-да  Талғар ауданы,  Жаналық кенті, Омаров к-сі 13, №37 мектеп ғимаратында;

сағат 10:30-да  Талғар ауданы,  Даулет кенті, Школьная к-сі 13, орта мектеп ғимаратында;

сағат 12:00-да  Талғар ауданы,  Еламан кенті, № 41 орта мектеп ғимаратында;

сағат 13:00-да  Талғар ауданы,  Жалғамыс кенті, Омарова к-сі, мектеп ғимаратында;

сағат 14:30-да  Талғар ауданы,  Сақтан кенті, Орталық водозаборная;  

сағат 15:30-да  Талғар ауданы,  Кіші Байсерке кенті, Центральная к-сі,  №40 орта мектеп ғимаратында;

сағат 16:30-да  Талғар ауданы,  Еркін кенті, Центральная к-сі 5,  №26 орта мектеп ғимаратында өтеді.

2020 жылдың 9 қаңтарында

сағат 10:00-да  Талғар ауданы,  Қызыл-Ту кенті, Сапарова к-сі, №24 орта мектеп ғимаратында; 

сағат 12:00-да  Талғар ауданы,  Бесқайнар кенті,  №26 орта мектеп ғимаратында; 

сағат 14:00-да  Талғар ауданы,  Бесағаш кенті, Хамраева к-сі 25,  №45 орта мектеп ғимаратында; 

сағат 15:00-да  Талғар ауданы,  Туздыбастау кенті, Жылқыбай к-сі 146,  Мәдениет үйі ғимаратында; 

сағат 16:30-да  Талғар ауданы,  Қызыл-Қайрат кенті, Малькеев к-сі 1,  Мәдениет үйі ғимаратында; 

сағат 17:30-да  Талғар ауданы,  Рыскулов кенті, Бокина к-сі 2,  №16 орта мектеп ғимаратында;  

сағат 18:30-да  Талғар ауданы,  Талғар қаласы, Некрасов к-сі,  №49 орта мектеп ғимаратында өтеді.  

Жария тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.