Қарағанды облысында «Сарыарқа» «Арнайы экономикалық аймағының БА» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қарағанды облысында «Сарыарқа» «Арнайы экономикалық аймағының БА» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

2020 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Сарыарқа» «Арнайы экономикалық аймағының БА» АҚ электр энергиясын беру қызметіне бағаның алдағы уақытта өсетіні туралы хабарландыруды қарастыру бойынша жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.

Өтініш Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бекітілген Ережесiне сәйкес ұсынылған.

Жария тыңдау 2020 жылы 6 қаңтарда сағат 11-00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6, 100 бөлім, Департамент ғимараты.

Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.

Департаменттің байланыс телефондары: 8 (7212) 41-18-27, 41-34-24.

«Сарыарқа» «Арнайы экономикалық аймағының БА» АҚ байланыс телефоны: 8(701)444-82-44.