Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алқа отырысы өтті

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алқа отырысы өтті

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алаңында ведомствоның және оның аумақтық департаменттері басшылығының қатысуымен 2019 жылғы қызмет қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар бойынша алқа отырысы өтті.

         Алқа ведомство басшысы Асан Дарбаевтың төрағалық етуімен өтті, оған ведомство қызметкерлерінен басқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов қатысты.

         Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі құттықтау сөз сөйлеп, басында табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтерді көтерумен күресті күшейту, сондай-ақ тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз ету, ТКШ саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануын бақылау үшін Мемлекет басшысының Үкімет алдына қандай міндеттер қойылғанына тоқталды.

         Серік Қожаниязов аталған міндеттерді орындау шеңберінде Министрлік тиісті Жол картасын әзірлегенін атап көрсетті, ол ТМС қызметін бақылауды күшейтуге, ТМС сатып алуға талдау жүргізуге, тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз етуге, халықтың тұтынылатын ресурстарға үнемді қатынасын қалыптастыруға, ТМС қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

         Сонымен қатар, мемлекеттік инспектор «Табиғи монополиялар туралы» жаңа заң аясында Тарифтік саясат жөніндегі кеңес институты енгізілгенін еске салды, онда өңірлерде тарифтік саясатты жүргізу мәселелері талқыланатын өңірлік сараптамалық топтар құру жоспарланып отыр.

         Өз сөзінің соңында Серік Қожаниязов 2020 жылы Комитет пен оның аумақтық департаменттерінің жұмыс жоспарлары тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермей, Жол картасын орындауға шоғырландырылуға тиіс екенін атап өтті, және алқа қатысушыларына табыс, жемісті жұмыс және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді тілеп, департаменттердің 2019 жылғы жұмыс қорытындыларымен танысуға ниет білдірді.

         Бұдан әрі Комитеттің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы Комитет басшысы Асан Дарбаев баяндама жасады.

 Комитет төрағасы өз сөзінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмасын орындау шеңберінде, 2019 жылы халық үшін коммуналдық қызметтерге тарифтер ел бойынша орташа 9% - ға (сумен жабдықтау 7,9% - ға, су бұру 6% - ға, жылумен жабдықтау 10,7% - ға, газбен жабдықтау 7,4% - ға, электрмен жабдықтау 8% - ға) төмендегенін еске салды.

         2019 жылы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде коммуналдық қызметтерге тұтынушылардың қаражатын жалпы үнемдеу шамамен                            40 млрд.теңгені құрады.

         Бұдан басқа, Асан Дарбаев табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыруға және табиғи монополиялар туралы жаңа заңнамада бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауды күшейтуге бағытталған Комитеттің жүргізіп отырған жұмысы туралы айтып берді.

         Сондай-ақ, бұған дейінгі баяндама еткен Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспектор секілді Комитет тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз етуге және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтердің көтерілуіне қарсы күресті күшейтуге бағытталған шаралар кешенін Жол картасы форматында әзірлегенін айтты, және оның негізгі бағыттарына тоқталды.

         «Жоғарыда аталған шаралар тұтынушыларға ТМС-ның негізсіз алынған табыстарын өтеуге, қызметтерді тұтынушыларды тариф белгілеу процесіне тарту арқылы айқын тарифтерді белгілеуге ықпал етеді, сондай-ақ тұтынушылар мен ТМС арасындағы мүдделер теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді. 2020 жылы Комитет Жол картасын орындауға шоғырланатын болады, ол тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыруға және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтердің көтерілуіне қарсы күресті күшейтуге бағытталған.» - қорытындылады Комитет Төрағасы.

         Өз баяндамаларымен, сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының орынбасарлары мен Жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы Дамир Тоқтамысов шықты.

         Ерболат Ибрайханов аумақтық департаменттердің проблемалық мәселелері, сондай-ақ Комитеттің алдағы 2020 жылға арналған басым бағыттары мен міндеттері туралы айтып берді.

         Проблемалық мәселелерді белгілей отырып, Төрағаның орынбасары қандай салада проблемалық мәселелер бар екенін және 2020 жылы Комитет аумақтық департаменттермен бірлесіп, жүйелік проблемаларды анықтауға және оларды шешу жолдарын әзірлеуге талдау жүргізілетінін атап өтті.

         Сонымен қатар, ол келесі жылы оқыту жүргізілетінін хабарлады, оның шеңберінде қызметкерлер табиғи монополиялар саласындағы заңнамалардың құқық қолдану тәжірибесінде, оның ішінде тарифтерді, тарифтік сметаларды, инвестициялық бағдарламаларды және т. б. бекіту кезінде тәжірибе алмаса алады.

         2019 жылы жалпы Комитеттің бақылау функцияларын жүзеге асыру туралы Асхат Жапсарбай егжей-тегжейлі айтып берді.

        Соңында Жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы Дамир Тоқтамысов Комитеттің ТКШ саласында атқарған жұмысын қорытындылады.

         Өз баяндамасының барысында Комитет тұтынушы мен субъект арасындағы балансты сақтау бойынша жұмысты күшейте түскенін атап өтті.

        Сонымен қатар, Комитеттің Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы Талғат Мұқанов баяндама жасап, баршаны қысқаша мемлекеттік қызмет туралы заңдағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтармен таныстырды.

       Одан кейін Комитеттің бірқатар өңірлік кеңселері басшыларының баяндамалары тыңдалды, онда олар 2019 жылы коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету және ұстап қалу бөлігінде атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ коммуналдық саланың негізгі қызмет түрлеріне тарифтерді ұстап тұру бойынша жұмысты жалғастыру бөлігінде 2020 жылға арналған жоспарлар туралы хабарлады.

        Барлық баяндамалар тыңдалғаннан кейін, Комитет басшылығы аумақтық бөлімшелердің атына жұмыстағы кемшіліктері бойынша ескертулер айтты, сондай-ақ коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін тежеу және ТМС тариф белгілеудегі ашықтығын қамтамасыз ету, және халықпен кері байланыс орнатуды жақсарту бөлігінде жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар берді.

      Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы коммуналдық қызмет тарифтеріне қатысты қызықтыратын сұрақтарды қойды, сондай-ақ Комитеттің жүргізіп отырған жұмысымен танысуға өте қуанышты екенін және тариф белгілеу мәселесінде бірлесіп жұмыс істеу, елдегі әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін, жұртшылықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін тағы да еске салды.