
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Алель Агро» акционерлік қоғамының бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметінің оңайлатылған тариф және тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізеді.
Жария тыңдау 2020 жылғы 6 қаңтарда сағат 11:00-де Тараз қаласы, Толе би даңғылы, 230 а мекенжайы бойынша өтеді.
Жария тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.