Комитет қызметкерлерін алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Комитет қызметкерлерін алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қабырғасында да ведомствоның қызметкерлерін алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

         Құттықтау сөздерімен Комитет төрағасы Асан Дарбаев сөз сөйлеп, ведомствоның барлық ұжымына жұмыста табыс, бақыт, барлық жақсылық және татулық, жаңа өмірге, жақсы келешекке жол ашатын түсіністік пен ауызбіршілік тіледі.

         Осы атаулы күні мемлекеттік қызметке алғаш рет түскен мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

    Өз халқына адал қызмет етуге ант берген Динара Абдрахманова, Стратегиялық талдау және халықаралық интеграция басқармасының сарапшысы, Тоқтар Сәменов, Жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының сарапшысы және Әкімбекұлы Шыңғысхан, Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының сарапшысы.

         Салтанатты іс-шараның жалғасы ретінде өз еңбектерімен көзге түскен қызметкерлер ерекше құрмет грамоталарымен марапатталды.

       Сондай-ақ, Төраға Комитеттің қызметкері Нушаруана Лесбекұлы өткен аптада мемлекеттік қызметкерлер арасындағы шахмат турнирінде жүлделі орынға ие болғанын атап өтті.

Бұл күні, еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин орталық мемлекеттік органдардың басшыларына марапаттар табыс етті, олардың қатарына Комитет төрағасы Асан Дарбаев та кірді.

         Асан Дарбаевқа мемлекет пен оның халқының игілігі үшін қызмет атқарудағы ерен еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің қолынан қызмет еткен ерекше еңбегі үшін, оның орынбасары Ерболат Ибрайханов та осындай медальді алды

Ұлттық экономика министрі, сондай-ақ, еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар Комитет қызметкерлеріне құрмет грамоталарын тапсырды.

Сондай-ақ, шахмат турнирінің жүлдегерлерін министрлікте де атап өтті, онда оларға шахматтан мемлекеттік қызметкерлер арасында шахматтан «Зияткер ұлт-Зияткерлік ұлт» атты І Республикалық турнирінде екінші орын үшін кубок табыс етілді.

       Айта кету керек, алдағы келе жатқан Тәуелсіздік күні Комитет пен оның қызметкерлері үшін осындай жарқын оқиғаларға толы болды.