Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Президенттік Мемлекеттік басқару академиясына барып, Академия магистранттарына «ТКШ саласындағы тарифтік реттеу» атты тақырыбында дәріс оқыды.
Жалпы осы тақырыпта Қазақстан Республикасының барлық тарифтік саясаты ашылды.
Асан Дарбаев өз дәрісінің басында Мемлекеттік басқару академиясының оқушылары алдында өзі Академияның түлегі болғасын сөз сөйлеуге өте қуанышты екенін атап айтты.
Бұл дәрістің мақсаты аудиторияға, болашақ басқарушыларға табиғи монополияның адам өміріне арналған маңызды салаларындағы, яғни жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау және энергиямен жабдықтау сияқты салаларында тарифтік реттеудің барлық аспектілерін жеткізу қажеттілігі мен ықыласы болды.
Бас ТМС тарифтік реттеуішінің төрағасы өз дәрісінде тарифтік реттеу әдістері, шекті тариф шеңберіндегі инвестициялық құрамдастар, тарифтің жыл сайынғы өсуіне әсер ететін факторлар, тариф және оның құрамдастары туралы және тарифтік саясатқа байланысты басқа да маңызды нәрселер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ, Асан Дарбаев саланы толық түсіну және мысал ретінде схема арқылы түпкілікті тұтынушы үшін жылу мен электр тарифі қалай қалыптасатынын көрсетті.
Әрине, дәріс барысында әлемдік практикадан алынған сандар айтылды, атап айтқанда, қандай елдерде және қандай да бір коммуналдық қызметтерді адамдар қандай бағамен төлейді.
Төраға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне бақылау қалай жүзеге асырылатынын, ТКШ қызметтеріне тарифтердің қалай төмендегенін және «Табиғи монополиялар туралы» жаңа заңға енгізілген тариф құрудың ашықтығын және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органмен қандай шаралар қолданылғанын айтты.
«Соңында біздің Комитет 2020 жылға арналған Жол картасын әзірлегенін атап өткім келеді, ол қазіргі уақытта Үкіметте келісуде жатыр, онда ТМС қызметін бақылауды күшейту, ТКШ коммуналдық қызметтеріне негізделген тарифтерді, тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз ету, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, сондай - ақ ТМС қызметінің тиімділігін арттыру сияқты шаралар қарастырылған», - деп қортындылады Асан Дарбаев.
Дәрістің соңында оқушыларда тарифтік реттеу және жалпы ТКШ қызметтеріне тариф белгілеу тақырыбы бойынша қызықты сұрақтар туындады және қызықты ұсыныстар айтылды.