
Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қызметкерлер арасында шахматтан "Зияткер ұлт-Зияткерлік ұлт" атты І Республикалық турнирі аяқталды.⠀
Жеңіс үшін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері күресті, оған 27 команда қатысты.
Турнир кешенді спорттық іс-шара болып табылады және шахмат, бұқаралық спортты дамыту және көпшілікке тарату мақсатында, сондай-ақ шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.⠀
Турнирді ҚР Спорт және мәдениет Министрлігінің, Қазақстан шахмат федерациясының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының, "Нұр Отан"ХДП қалалық филиалының қолдауымен Динара Сәдуақасованығң Шахмат академиясы ұйымдастырды.⠀
Қажырлы күресте бірінші орынды, Кубок, бағалы сыйлықтар мен дипломды Ауыл шаруашылығы министрлігінің командасы жеңіп алды.
Екінші орынға Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері, атап айтқанда Лесбекұлы Нушаруан мен Давид Айнагүл иеленді.
Қола Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің командасына бұйырды.⠀
Турнирде жеке есепте жүлделер тағайындалды.
Ерлер арасында 1 орынды Абдрахманов Серік жеңіп алды - "Әкімшілік ғимараттар дирекциясы" РМК-ның қызметкері, 2 орынды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Арман Абданбеков жеңіп алды, ал
қола медаль ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Стратегиялық талдау және халықаралық интеграция басқармасының сарапшысы - Лесбекұлы Нушаруанға бұйырды.⠀
Әйелдер арасында 1 орынды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі - Тоғызбаева Алмагүл, 2 орынды ҚР Қаржы министрлігінің өкілі - Марал Шарипова, 3 орынды ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі - Замира Бекмуратова иеленді.⠀