Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Басшысы Асан Дарбаевтың төрағалығымен Азия Даму Банкінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында АДБ-ның қарыздарын тарта отырып, жаңа кәріздік-тазарту құрылыстарын қайта жаңарту, жаңғырту және салу жөніндегі бірқатар жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Азия Даму Банкінің өкілдерінен басқа кездесуге «ТҮКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның өкілдері де қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша АДБ мен «ТҮКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның өкілдеріне Қаржы моделдерін және жаңа кәріз-тазарту құрылыстарын қайта жаңарту, жаңғырту және салу жобалары бойынша барлық есептерді Комитетке ұсынуға ұсыныс жасалды.