Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары туралы сөз сөйледі

Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары туралы сөз сөйледі

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің нормаларын түсіндірді.

          Этикалық нормаларды түсіндірумен Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі, Төрағасының орынбасары Асхат Жапсарбай сөз сөйледі.

          Өз сөзінің басында, ол Әдеп жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру үшін, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 12-ші қадамын іске асыру шеңберінде енгізілгенін атап өтті.

         «Әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілген сәттен бастап, үш жылдан астам уақыт өтті. Осы кезең ішінде белгілі бір жұмыс моделі мен практикалық тәжірибе қалыптасты», - деді әріптестеріне Асхат Жапсарбай.

          Одан кейін, Әдеп жөніндегі уәкіл әріптестерін қызметтен тыс уақытта, қызмет уақытында және жалпы мінез-құлықтың жалпы стандарттарымен таныстырды.

         Сөз соңында Асхат Жапсарбай этика жөніндегі уәкілдің жұмысы тек тәртіп стандарттарын сақтауды талап ету мен бақылау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың құраушыларын алдын алу екенін атап өтті.

         «Кеңес алу үшін, әрбір әріптесімді қабылдауға және тыңдап алуға дайынмын», - қорытындылады Әдеп жөніндегі уәкіл.