Бүгін, а.ж. 28 қарашада ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның кірме жолдар қызметтерін ұсыну мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске Нұр-сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының, «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның өкілдері, сондай-ақ кірме жолдар қызметтерінің тұтынушылары болып табылатын көмір өткізушілер қатысты.
Кеңес барысында шарттарды жасасу, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау және көлемін есептеу мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша, әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында кірме жолдар қызметтерінің түпкі өнімнің өзіндік құнына әсер етуіне талдау жүргізу шешімі қабылданды.