ТМРК орталық аппаратының қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді

ТМРК орталық аппаратының қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің орталық аппаратының қызметкерлері коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін дәстүрлі қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы трансляцияланды, онда салалық басқармалардың басшылары тарифтік реттеу бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қабылдау басында ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Жалғасбаев тұтынушыларды қарсы алып, бүгінде қолданыстағы халық үшін реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілуіне мораторий туралы еске салды.

Содан кейін тарифтік ведомство мамандары газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және теміржол көлігі салаларында тариф белгілеу туралы айтып берді.

Қоғамдық қабылдау өткізу барысында Атырау облысы мен Алматы қаласының қоғамдық бірлестіктері өкілдерінен сұрақтар келіп түсті, оларға тиісті түсініктемелер берілді.