Ұлттық экономика министрлігінде Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өткізілді

Ұлттық экономика министрлігінде Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өткізілді

Басқа мемлекеттік органдар сияқты Ұлттық экономика министрлігі Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді.

         Азаматтарды Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың өзі қабылдады.

         Экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленовке консультация алу үшін 13 қазақстандық жазылғаны туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

         Еліміздің тұрғындары министрге өздерінің проблемаларын және шағымдарын жеткізген, соның ішінде электр энергияның бағасына, сол бағасының құрамына, сондай-ақ үйге газды жеткізіп салу құны қатысты сұрақтар болды.

         Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының орынбасары Елена Ивченко қойылған сұрақтарға оларды толығымен түсіндіріп, жауап берді. 

       Република бойынша, «еститін мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілетудің бір қадамы ретінде, «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өткізілді.

      Іс-шара бірінші рет өткізіліп отыр. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бастамасымен іске асырылуда.