
2019 жылғы 19-20 қараша күндері Ресей Федерациясының астанасында «Монополияға қарсы саясат: ғылым, тәжірибе, білім» атты V мерейтойлық Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп.
Ресей ФМҚҚ «Сколково» қорымен және Экономикалық жоғары мектебімен бірлесіп, жыл сайынғы «Монополияға қарсы саясат: ғылым, тәжірибе, білім» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны міне 5 жыл бойы өткізіп жатыр, ол ғылым мен практиканың, талдау мен прогрессивті идеялардың симбиозының сәтті форматына айналды, бұл проблемалық сұрақтарға неғұрлым толық жауап іздеуге, сындарлы ұсыныстар жасауға және бәсекелестік саясаттың ең өткір проблемалары бойынша сараптамалық қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Осы жылы Конференция 19-20 қарашада «Сколково» инновациялық орталығының алаңында өтіп жатыр және қазіргі жағдайдағы бәсекелестік саясаттың жаңа үрдістеріне арналды.
Іс-шара бағдарламасы өзекті мәселелерге, соның ішінде тарифтік реттеу мәселелеріне арналған бірнеше пленарлық отырыстар мен сессиялардан тұрады.
Конференцияның бірінші күні тарифтік реттеу мәселелеріне арналған болатын, онда Ұлттық экономика министрлігінің атынан Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев қатысты.
Асан Дарбаев «Пробәсекелестік тарифтік реттеудің тәжірибесі мен перспективалары» тақырыптық сессиясы шеңберінде спикер ретінде сөз сөйледі және қатысушылармен Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу тәжірибесімен бөлісті.
Атап айтқанда, Асан Дарбаев табиғи монополиялар туралы заңнамаға енгізілген жаңа енгізілімдер, тариф құрудың ашықтығын қамтамасыз етуге және табиғи монополистердің қызметтеріне тарифтерді көтеруге қарсы күресті күшейтуге бағытталған шаралар кешені туралы айтып берді.
Конференцияда сондай-ақ Федералды монополияға қарсы қызмет пен «Сколково» қоры басқармасының өкілдері сөз сөйледі.
Сессияға қатысушылар пробәсекелестік тарифтік реттеудің жаңа қағидаттарын, айқас субсидиялауды кезең-кезеңімен жою, нарықты талдау негізінде реттеу мен бақылауды енгізу, өзгерту, тоқтату туралы шешім қабылдау, ұзақ мерзімді тарифтік саясатты іске қосу, инвестициялау үшін жағдай жасау мәселелерін қарастырды.
Бұдан басқа, сессия барысында ТМД, ЕЭО, Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығы (ЭРРА) шеңберіндегі газ секторын тиімді реттеудің өзекті мәселелері, газбен жабдықтау саласында көпжақты реттеуші келісім-шарттар жасасу және тарифтік реттеу саласындағы ынтымақтастықтың ең үздік тәжірибелері талқыланды.
Іс-шараның маңызды қорытындысы елдер арасында одан әрі оң тәжірибе алмасу мақсатында Комитет пен Ресейдің ФМҚҚ-ның бірлескен жұмысы туралы уағдаластық болды.
Конференцияның екінші күні «Мемлекеттік сатып алулар: одан әрі дамудың тенденциялары мен перспективалары», «Фармацевтикалық нарықтардағы бәсекелестік мәселелерін зерттеу», «Сандық нарықтардағы бәсекелестік мәселелерін зерттеу» сияқты өзекті мәселелер бойынша сессиялар өтуі керек.
