
Журналистер Көкшетау қаласының коммуналдық мекемелерінің жұмысымен танысты. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз сауалдарын мекеме жетекшілері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевқа жолдады.
Жыл сайын жылу беружүйесін жаңғыртуға қала мен облыс бюджеті қыруар қаржы бөледі. Бұл міндетті жүзеге асырып отырған компанияның 2018 жылғы инвестициялық бағдарламасы 483 миллион теңгені құраған. Басым бағыттар – жылу қазандықтарының үздіксіз қызметі; экологиялық қалдықтарды азайту; ескі құрылғыларды алмастыру. Мысалы өткен жылы жылу беру құбырларын ауыстыру мен қысым беру агрегаттарын жаңғырту жүзеге асрылыпты. Өндірілген өнім, яғни, жылу дың тарифі қатаң бақылауда. Мысалы, бұған дейін мекеменің шаһар тұрғындарынан негізсіз артық бағамен төлем жиғаны анықталған еді. Қазір бұл артық тарифтің өтемі қайтарылуда. Осылайша, ел аумағындағы ең арзан жылу бағасы қалыптасып отыр.
ДАНИЯР АҚЫЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КОМПАНИЯСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
2019 жылғы 5 қыркүйектегі бұйрыққа сәйкес жылу энергиясы қала тұрғындарына қайтарымды тариф негізінде арзан бағамен ұсынылуда. Осылайша бір шаршы метр аумаққа жылу бағамы 116 теңгеден 82 теңге 72 тиынға дейін арзандады. Бұл 28 баға пайызға төмен.
Коммуналдық мекеменің алдағы 5 жылға арналған экономикалық жоспары болуы тиіс, - дейді сала мамандары. Яғни, қандай да бір ірі шығын орын алса да, тариф бағамы бірден өспеуі шарт.
АСАН ДАРБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Тариф құнын тұрақты бақылау мақсатында монополистердің электронды базсы жасақталды. Олар өздерінің тарифті өзгерті туралы ұсыныстарын тек осы алаң арқылы білдіреді. Бұл базаға енгізілген деректермен үшінші тараптар да таныса алады.
«Көкшетау су арнасы» коммуналдық мекемесі шаһарды сапалы ауызсумен қамту бағытына басымдық беріп отыр. Нысан осы мақсатта 12 кешенді шараны жүзеге асырып, инветициялық жоба қаражатының 50 пайызын игерген.
АСАН ДАРБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Монополистермен жұмыс барысында жариялылық пен ашықтыққа көп көңіл бөлінеді. Саланы жаңғыртуға бағытталған жұмыстардың барысы мен сапасын бақылауға бұқаралық ақпарат құралдарын шақырудамыз. Әрбір субьекттің коммуналдық нысандарды жаңғыртуы жоспарға сай жүргізіледі. Жылу беру бойынша арзандатылған тариф 12 ай бойы сақталады. Су бағасы тұрақты болмақ.
Журналистер сауалына жауап берген табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев тариф бағамының негізсіз өсуіне жол берілмейтіндігін шегелеп айтты.
Ауғанбек Манарбекұлы, Мадина Смагулова, Бауыржан Смагулов
Дереккөз: http://kokshetautv.kz/kz/news/society/tarifter-turakty-bakylauda