
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының төрағалық етуімен кезекті баспасөз-туры Көкшетау қаласында өтеді.
Баспасөз-турды қаланың «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-ы мен «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ы атты базалық объктілері бойынша өткізу жоспарлануда.
Баспасөз-турға реттелетін қызметтер тұтынушылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-ның объектілері бойынша баспасөз-тур ағымдағы жылдың 18 қарашасында сағат 10.00-де өтеді (жиналу сағат 9.30-да Солтүстік өнекркәсіп ТББ а-да).
«Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ның объектілері бойынша баспасөз-тур ағымдағы жылдың 18 қарашасында сағат 11.30-де өтеді.
Баспасөз-турлар тарифтік сметаларда салынған реттелетін қызметтерге арналған шығындарды пайдалану туралы, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды орындау мен ТМС активтерін жаңғырту туралы БАҚ-да жариялау және тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында жүргізілетінін атап көрсету қажет.
Қосымша сұрақтар бойнша мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз – 8 (7162) 50-43-63, +77021481481 – Сабыржан Азамат Мауленулы.