
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 1 қарашада «Қазсушар» РМК ШЖҚ «Д. Қонаев атындағы «ҮАК» филиалының (бұдан әрі – Филиал) реттеліп, көрсетілетін қызметтеріне 2019 жылдың қолданыстағы тарифіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Тариф 71,40 теңге/м3-дан 67,21 теңге/м3-ге дейін төмендетілді, немесе 4,19 теңге/м3-ге бұл 5,86% құрайды.
Осылайша, Филиалдың реттеліп көрсетелетін қызметіне тарифті төмендету арқылы 78 618 тұтынушының құқықтары қорғалды.