«Нұр-Сұлтан қаласында «Астана-Теплотранзит» АҚ объектілері бойынша баспасөз-туры өтті

«Нұр-Сұлтан қаласында «Астана-Теплотранзит» АҚ объектілері бойынша баспасөз-туры өтті

Бүгін  кәсіпорын активтерін жаңғыртуда инвестициялық салымдарды игеруді көрнекі көрсету мақсатында  ұйымдастырылған «Астана-Теплотранзит» АҚ құрылыс және қайта жаңарту объектілері бойынша баспасөз-туры өтті.

Баспасөз-туры  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Комитеттің аумақтық бөлімше басшылығы, «Астана-Теплотранзит» АҚ басшылығының қатысуымен өтті.

Баспасөз-турда сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, «Нұр-Отан» партиясының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Баспасөз-турында қатысушылар субьектінің инвестициялық бағдарламасына қаржыландырылуы салынған жылу желілер мен қайта жаңартудыңбасқа объектілеріне қалай қызмет көрсетілетінін көре алды.

7 (21 ) ҚТ -дан бастап Жұбанов көшесіне дейін 2Ду 500 мм (Т1,Т2) 21-ЖМ қайта жаңарту (Жұбанов-Сейфуллин павильонынан  тармақталу), Пушкин көшесі, 2,2/1,4,6,6/1 үй бойынша 2Ду 80-150 қайта жаңарту объектілері көрсетілді.

Осылайүша, қызмет көрсетілетін жылу желілерінің жалпы ұзындығы 795 км трассаны құрайды. 2018 жылға ұзындықтың ұлғайтылуы мүлікті коммуналдық меншіктен табыстау және құрылысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын Нұр-Сұлтан қаласының Сол жағалау бөлігіне (4-кірме және 5-кірме) жылу магистралі объектілерін пайдалануға енгізуге байланысты 35 км немесе 4% құрады.

«Астана-Теплотранзит» АҚ инвестициялық салымдарының басым бағыттары:

-       қаланың жылумен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету;

-       негізгі құралдарды техникалық қайта жарақтандыру, жаңарту ;

-       қолданыстағыактивтердіқолдау;

-       оны тасымалдаукезіндежылуэнергиясының шығынын төмендету;

-       тозудытөмендету;

-       энергия үнемдеужәне энергия тиімділігі жөніндегі бағдарламаны орындауболып табылады.

Комитеттің төрағасы жылумен жабдықтау объектілерімен және алда болатын суықтарда жылуды уақытында және  сапалы беруге бағытталған жұмыстармен танысты.

Сонымен бірге, баспасөз-тур кезінде Асан Дарбаев жалпы БАҚ-ы өкілдері мен қоғамшылдар үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы табиғи монополия субъектілердің тарифті белгілеу бойынша жағдайды түсіндірді, сондай-ақ тарифтің әр өсуі негізді және уәкілетті органмен келусуі керек.      

Өз кезегінде, «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары Қ.Б. Нұғыманов баспасөз-турының қатысушыларын 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындығымен  таныстырды.

Анықтамалы түрде:

2018 жылы орындалған жұмыс

Департаменттің бұйрығымен «Астана-Теплотранзит» АҚ инвестициялық бағдарламасы»2018 жылға 781,3 млн. теңге көлемінде бекітілді. Орындалуы 101,1% құрады.

Бағдарламаны іске асыру жылу желілерін жаңғыртуға, қайта жаңартуға, жаңғырту, кәсіпорынның активтерін қолдауға, оның ішінде:

1) жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту-795,8 млн.теңге, бұл 6 160 қ. м. құбырларды ауыстыруға мүмкіндік берді.

2) ескірген жабдықтарды ауыстыру және жаңа жабдықтарды сатып алу - 37,7 млн.теңге.

3)лицензиялық бағдарламаларды сатып алу – 6,9 млн. теңге.

4) Құралдарды мен жүйелерді сатып алу - 9,8 млн.теңге.

5) Көлік және арнайы механизмдер сатып алу-144,4 млн.теңге.

Инвестициялық бағдарламаның, күрделі жөндеу бағдарламасының орындалған іс-шараларының нәтижелері бойынша Қоғаммен мыналарғақол жеткізілді:

  • жылу ысырабының 2 мың Гкал-ға төмендеуі жылына 3,3 млн.теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді (нормативтік – техникалық ысыраптардың бекітілген пайызында-13,75%, шығындардың нақты пайызы 12,3% құрады).
  • материалдарға пайдалану шығындарын жылына 2,9 млн. теңгеге төмендету;
  • арнайы техниканы жалға алу бойынша шығыстарды 3,7 млн. теңгеге қысқарту;
  • табиғи тозуды 0,7% төмендету (57,1-ден 56,4%-ға дейін);
  • технологиялық бұзушылықтардың болмауы (авариялар, I, II дәрежелі істен шығулар);
  • жылумен жабдықтау сапасына шағымдардың болмауы. 

2019 жылы орындалатын жұмыс

Департаменттің бұйрығымен 2019 жылға «Астана-Теплотранзит» АҚ инвестициялық бағдарламасы 1 617,7 млн. теңге мөлшерінде бекітілді.

Бағдарлама жылу желілерін жаңғыртуға, қайта жаңартуға, кәсіпорынның активтерін жаңартуға, қолдауға бағытталған.

Бүгінгі күні инвестициялық бағдарлама 70% орындалды.

Жылу желілерін ППУ-дық-оқшаулауда құбырларды қолдану арқылы қайта жаңарту аяқталуда.

Мүдделі тұлғалардың назарына келесі мекенжайлар бойынша қайта жаңарту объектілері көрсетілді:

1)    7 (21 ) ҚТ -дан бастап Жұбанов көшесіне дейін 2Ду 500 мм (Т1,Т2) 21-ЖМ қайта жаңарту (Жұбанов-Сейфуллин павильонынан  тармақталу);

2)    Пушкин көшесі, 2,2/1,4,6,6/1 үй бойынша 2Ду 80-150 қайта жаңарту;

2019 жылғы инвестициялық бағдарламаның орындалған іс-шараларының нәтижелері бойынша Қоғамныңмыналарғақол жеткізуі жоспарлануда:

  • нормативтік-техникалық ысыраптардың бекітілген пайызы кезінде жылу ысыраптарын төмендету-13,74%, шығындардың нақты пайызы 12,81% жоспарлануда;
  • табиғи тозудың төмендеуі 0,4% (56,4-тен 56%-ға дейін)
  • технологиялық бұзушылықтардың болмауы (авариялар, I, II дәрежелі істен шығулар);
  • жылумен жабдықтау сапасына шағымдардың болмауы.

2020 жылы жоспараланатын жұмыс

Департаменттің бұйрығымен 2020 жылға «Астана-Теплотранзит» АҚ инвестициялық бағдарламасы 1 356,1 млн. теңге мөлшерінде бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру  жылу желілерін жаңғыртуға, қайта жаңартуға, кәсіпорынның активтерін жаңартуға, қолдауға бағытталған,оның ішінде:

1)    Жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту 1 166,1 млн.теңге, бұл 8 985  қ. м. құбырларды ауыстыруға мүмкіндік берді.

2)     Ескірген жабдықтарды ауыстыру және жаңа жабдықтарды сатып алу – 83,1 млн.тенге.

3)    Лицензиялық бағдарламаны сатып алу – 8,8 млн.тенге.

4)    Көлік және арнайы механизмдер сатып алу - 98,1 млн. тенге.