Асан Дарбаев ТМС қызметтерінің тарифтерін құруына жүйелі көзқарас бойынша жүргізілетін жұмысы жөнінде мәлімдеді

Асан Дарбаев ТМС қызметтерінің тарифтерін құруына жүйелі көзқарас бойынша жүргізілетін жұмысы жөнінде мәлімдеді

Бүгін, 2019 жылғы 1 қарашада, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Төрағасы Асан Дарбаев тарифтердің құрылу ашықтығы мен айқындығы, сондай-ақ табиғи монополистер қызметтерінің тарифтері мәселелеріне жүйелі және мағыналы көзқарасты жетілдіру бойынша халықпен кері байланысты тиімді орнатуын қамтамасыз ету қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын орындау аясында Комитет алаңында БАҚ-ы өкілдерінің алдында сөз сөйледі және оның негізгі аспектілерінде тоқталды.

         Өз сөз сөйлеуін Төраға 2015 жылдан бастап шекті тариф қалай құрылғанынан, ТҚШ-ға қандай инвестиция көлемі тартылғанынан, ТҚШ инфрақұрылымда қандай тозық пайызын төмендете алғанынан бастады және Қазақстанның тарифтерін әлемнің тарифтерімен салыстырды.    

2015 жылдан бастап озық халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстанда 5 (бес) және одан да көп жыл қолданылу мерзімімен шекті ұзақ мерзімді тарифтердің жаңа тарифтік саясаты енгізілді, бұл ТКШ саласындағы инвесторларға инвестиция шегін анықтауға, кәсіпкерлерге өз қызметінде тарифтерге арналған шығындарды болжауға және ТКШ инфрақұрылымының тозуының өсуін тоқтатуға мүмкіндік берді.

Бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкес табиғи монополиялар саласына 2021 жылға дейін күтілетін инвестиция көлемі 2,2 трлн.теңгені құрайды, оның ішінде ТКШ саласында 854,9 млрд.теңге (оның ішінде: электр энергетикасы - 511,3 млрд. теңге; сумен жабдықтау және су бұру - 124 млрд. теңге; жылумен жабдықтау - 219,6 млрд. теңге).

Өткен үш жылда іс жүзінде 1,02 трлн. тг., оның ішінде ТКШ саласына – 684 млрд. тг. толығымен дерлік бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырылған.

2020 жылға ТКШ саласындағы күтілетін инвестиция көлемі шамамен 98 млрд. тг. құрайды.

Тартылған инвестициялар шеңберінде 301,9 км су құбыры және кәріз желілері, 112,5 км жылу желілері, 5200,4 км электр желілері салынды, жаңғыртылды және қайта жаңартылды.

Жалпы соңғы жылдар ішінде әр саладағы тозық деңгейін 66%-дан 61%-ға дейін төмендетуге мүмкін болды, бұған тартылған иевстициялар арқасында қол жетті.   

Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 7 қарашада өткен қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмалар аясында Комитет жүргізген жұмыс атап көрсетілді, сонда 2018 жылы елдегі коммуналдық қызметтердің тарифтері орта есеппен 9%-ға (жылумен жабдықтау саласында – 10,7% – ға, сумен жабдықтау саласында – 7,9% – ға, су бұру саласында-6% - ға, газбен жабдықтау-7,4% - ға, электрмен жабдықтау саласында-8% - ға) төмендеді, оның ішінде УӨТ енгізу жолымен жүзеге асырылады.

2019 жылы жүргізілген жұмыс нәтижесінде Коммуналдық қызметтерге тұтынушылардың қаражатын жалпы үнемдеу сомасы шамамен 40 млрд.тг. құрайды.

Бәріне мәлім өткен жылдың соңында тарифтер құруының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» жаңа Заң қабылданды.

Заң тарифтердің жоспарланатын өзгеруін көпшілікте талқылауға және  халықпен кері байланыс орнатудың тиімді тетіктерін енгізуге бағытталған ережелер бекітілген:

-         «Монополист» дерекқоры арқылы электрондық түрде тарифке өтінім беру арқылы;

-         ЖАО, БАҚ, «Атамекен» ҰКП, тұтынушылардың құқытарын қорғау қоғамдар өкілдерінің және тұтынушылардың ТКШ объектілеріне бару арқылы инвестициялық бағдарламалардың орындауының қоғамдық мониторинг арқылы;

-         ТМС инвестициялық бағдарламаларды орныдау барысын БАҚ-да тоқсан сайын жариялау арқылы;

-         ТМС-ның тұтынушылар алдында жария есептердің жүргізуін жыл сайынғы жүргізуден жартыжылдық жүргізуіне өту арқылы;

-         Қоғамдық бірлестіктердің ТМС тариф жобаларын, инвестициялық бағдарламаларын қарастыруда қатысу арқылы;

-         Жария тыңдауларды жүргізу арқылы;

-         ТМС –пен бірлесіп айда бір реттен кем емес тұтынушылардың қабылдауын жүргізу арқылы.    

«Монополист» дерекқоры монополистердің өтінімдерін және есептерін қабылдауын реттейді.

 Өтінімдердің қабылдауы тек электрондық нысанда жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, СБӨ 4 000-нан астам пайдаланушысы және 15 мыңнан астам жарияланған құжаттары бар.

Жаңа заң аясында Тарифтік саясат жөніндегі кеңес институты енгізілді, ол ҰЭМ жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚР ҰКП, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері, ТМС, сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кіреді.

Кеңестің негізгі міндеттерін және функцияларын еске салу қажет:

- уәкілетті органға табиғи монополиялар салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- уәкілетті органға консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдау көрсету;

- уәкілетті органға тарифті индекстеу деңгейін және тарифтің болжамды индексін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

- уәкілетті органға тарифтері тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданыла отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерін тізбеге енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

- инвестициялық бағдарламалардың жобаларына және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларға енгізілетін өзгерістерге ұсынымдарды талқылау және әзірлеу болып табылады.

Кеңестің бірінші отырысы а.ж. 15 қазанда Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің төрағалығымен өтті, онда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 7 қарашадағы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындалуы, ТКШ табиғи монополиялар салаларында тарифтік реттеу мәселелері бойынша 17 өңірлік комиссия құру туралы мәселесі, а.ж. 1 қарашасынан бастап энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін арттыру және 2019 жылға ТКШ реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инфляцияға күтілетін жиынтық үлесі талқыланды.

Нәтижесінде осы мәселелер бойынша жұмысты жалғастыру үшін бірқатар ұсыныстар әзірленді.  

Табиғи монополиялар субъектілерінің 2018 жылға арналған  тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептерін қарау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар субъектілеріне жалпы сомасы 13,1 млрд. теңгеге уақытша өтемдік тарифтерді енгізілді (тарифтік сметаны орындамағаны үшін – 12,44 млрд. теңге, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны үшін – 665 млн. теңге).

2018-2019 жылдар аралығындағы жылыту кезеңіне жылумен жабдықтау бойынша қызметтер үшін тұтынушыларға қайтарылатын жалпы сомасы ҚҚС-мен 805 134,67 мың теңгені құрады.

Бұл ретте, тариф белгілеу процесіне реттелетін және реттелмейтін факторлар әсер ететінін атап көрсету қажет, атап айтқанда:

Реттелетін факторлар:

1. Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына тарифтердің өсуі және жаңартылатын энергия көздерінің әсері (ҚР ЭМ бекітеді, түпкілікті тұтынушы үшін жылумен жабдықтауға, сумен жабдықтауға және электр энергиясына мультипликативтік әсер береді);

2. Тауарлық газға көтерме бағалардың жыл сайынғы өсуі (жыл сайын ҚР ЭМ 15,7%-ға дейін бекітіледі);

3. Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер тарифтерінің өсуі (2020 жылдан бастап тарифтің шекті деңгейінің 2% өсуі, одан әрі т/ж тарифтерін саралаудың өзгеруі);

4. Мемлекеттік баждардың, салықтардың және басқа да төлемдердің (оның ішінде экологиялық) өзгеруі.

Реттелмейтін факторлар:

1. Стратегиялық тауарлар құнының өсуі: көмір және мазут (жыл сайын 7%);

2. Энергия өндіруші компаниялардың негізгі қорлары құнының өсуіне алып келмейтін күрделі және ағымдағы жөндеулер  (жыл сайын 7%);

3. Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу қорын индекстеу (жыл сайын 7%);

4. Қуат нарығы (инвестициялық келісімдер шеңберіндегі жобалар бойынша).

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін Комитет тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне арналған  бағалар мен тарифтердің өсуіне қарсы күресті күшейтуге бағытталған Жол картасы форматында шаралар кешенін әзірледі.

 Жол картасының жобасы 5 негізгі бағытты көздейді:

- табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту;

- ашықтық пен тепе-тең принциптерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында ТМС сатып алуды талдау;

- тариф құрудың ашықтығы, халықтың тұтынатын ресурстарға үнеммен қарау қатынасын қалыптастыру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету;

- ТКШ қызметтеріне негізді тарифтерді қамтамасыз ету;

- табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру.

Одан әрі Мемлекет Басшысының жоғарыда көрсетілген тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмыс Жол картасының тармақтарын орындау шеңберінде жүзеге асырылатын болады, олар табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне арналған бағалар мен тарифтерді көтеруге қарсы күресті күшейтуге, сондай-ақ тариф белгілеу тәсілдерін реттеуге бағытталған міндеттерді іске асыру кезінде оң серпін береді.

Баспасөз-конференция барысында тарифтерді құруының ашықтығын және айқындығын қамтамасыз етуіне бағытталған Комитеттің қызметімен байланысты басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

         Кездесу соңында БАҚ-ы өкілдері Төрағаға қызықтыратын сұрақтарды қоя алды және оларға нақты жауаптар ала алды.