
Ағымдағы жылғы 28 ақпанда, 1, 2 және 10 наурызда онлайн-форматта өткен «Энергия компанияларының реттеуші есептілік рәсімдері және есептілікті беруге қойылатын талаптар саласындағы озық тәжірибесі» тақырыбындағы төрт күндік техникалық семинар аяқталды.
Семинарды Орталық Азиядағы энергетиканы реттеу саласындағы серіктестік бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындарды реттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің ұлттық қауымдастығы (NARUC) ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты коммуналдық кәсіпорындар үшін есептілік рәсімдері бойынша жеке нұсқаулықтарды және құжаттарды (нысандар мен нұсқаулықтарды) беруге қойылатын стандартты талаптарды талқылау болды.
Аталған семинарға Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінен басқа, энергия компанияларының, Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Отын-энергетика кешенін реттеу департаментінің, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің өкілдері, жобаның консультанттары – DNV Energy Systems, сондай-ақ NARUC қызметкерлері қатысты.
28 ақпандағы бастапқы сессияда реттеушілік есептің міндеттері, реттеушілік есептіліктің көлемі, қаржылық есептің рөлі, тарифті белгілеу және олардың реттеушілік есепке алумен байланысы талқыланды.
Күн тәртібі шеңберінде реттеушілік есепке алу қағидаттары, шығындар мен кірістерді санаттарға бөлу, бөлу процесіне шолу, қызметтің функционалдық түрлері бойынша нормативтік есептілікті бөлу және басқалары сияқты мәселелер қаралды.
Ағымдағы жылғы 10 наурыздағы қорытынды сессияда қатысушылар есептілік нысандары мен нұсқаулықтардың рөлін, олардың құрылымы мен мазмұнын, беру кестесін, аудитті, халықаралық практикадан практикалық мысалдарды талқылады.
Жалпы, семинар шеңберінде қатысушылар арасында реттеушілік есептіліктің кең ауқымды мәселелері бойынша салауатты сындарлы диалог болып өтті, онда қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, сарапшыларға қызықтыратын сұрақтар қойды.