
Бүгін 2022 жылғы 24 ақпанда ҚР Парламенттің жоғарғы палатасының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті салалық мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Парламент Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Зекенұлы Әділбеков төрағалық етті.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру шеңберінде электр энергетикасы нарығын дамытуға, оның ішінде үрдістерге, проблемаларға және оларды шешу тәсілдеріне арналды.
Дөңгелек үстел барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев баяндама жасады.
ТМРК басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне енгізілген мораторий туралы еске сала отырып, сондай-ақ электр энергиясы бағасының құрылымы және осы нарықта қанша субъектілер қызметін жүзеге асыратыны және кімнің қызметі тарифтік ведомствомен реттелетіні туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Асан Дарбаев электр энергетикасы саласына байланысты проблемалық мәселелерді, оның ішінде табиғи монополиялар салаларында техникалық реттеудің жоқтығы, сондай-ақ коммуналдық желілерді сенімгерлік басқаруға немесе субъектінің теңгерімін беру сияқты проблемаларды атап өтті.
«Коммуналдық қызметтерге арналған тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермей, коммуналдық желілер мен объектілерді теңгерімге немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет» - деп атап өтті Асан Дарбаев.
Тарифтік ведомство басшысы қортындылай келе, ТМРК салалық орган және энергетикалық сектор қауымдастықтарымен бірлесіп электр энергиясын беру және жабдықтау саласындағы ағымдағы мәселелерді шешу бойынша мәселелер пысықталып жатқанын хабарлады.